2025 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды қаласы білім бөлімінің қолдауымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің үйымдастыруымен Қарағанды қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін «Мобильді робототехника» және «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттіліктері бойынша «JasSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Мақсаты — кәсіптік бағдар беру жұмысының алдын алу нысандары үшін жағдай жасау; IT бағыттары бойынша жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру.
Нәтижесінде: «Мобильді робототехника» құзіреттіліктері бойынша М.Жұмабаев атындағы гимназия оқушылары Хамитов Сүлеймен, Махмутов Саят 1-орын, Шәкәрім атындағы гимназия оқушылары Базарбек Имранали, Сұлтан Шахнияр 2-орын, №20 НО мектебінің оқушылары Алескеров Исмаил, Наумов Ратмир 3-орын иеленді. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттіліктері бойынша Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі оқушылсы Сәкенов Алдияр 1-орын, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушысы Дауылбай Айғазы 2-орын, Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі оқушысы Абумүсілім Асылхан 3-орын, №86 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Джакупова Айбарша сертификатқа ие болды. Шараны ұйымдастырған — колледж оқытушылары Тусупбаев А.Т., Елибаева-Мухтар А.М.,Сырбаева Н.Б.,Манашева М.С..





