2025 жылғы 21 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Астана қаласындағы Алжир мемориалдық-мұражай кешеніне эсксурсияға барып, ел тарихынан танымдарын кеңейтіп қайтты. Экскурсияға ағымдағы оқу жылында белсенділік танытқан студенттер, түрлі мазмұндағы байқауларға қатысып, республикада, облыста колледж атын шығарған студенттер, «Жыл үздіктері — 2025» номинацияларына ие болған студенттер барды. Саяхаттың өте қызықты әрі танымды болғанын айтып, студенттер колледж әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдірді.



