Студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетінің деңгейін арттыру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2025 жылғы 13 мамырда «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтарының Р-23-2, РБ-24-2/11/ топ студенттері К. С. Станиславский атындағы Қарағанды драма театрына барды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Виктор Розовтың «Мәңгілік тірі» пьесасы негізінде режиссер Денис Цветковтың қойылымын тамашалап қайтты.
