2025 жылғы 22 мамырда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытудың өзекті мәселелері» тақырбында тақырыптық педагогикалық кеңес өтті. Өзекті кәсіби тапшылықтарды және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында өткен педагогикалық кеңесте «Педагогтің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ишанкулова Р.М., «Ұжымның кәсіби құзыреттілігінің ағымдағы жай-күйін қысқаша талдау және аттестаттау қорытындысы бойынша кәсіби тапшылықтарды талдау» тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Капанова И.Х. ақпарат берсе, әрі қарай директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Касымова Н.К. ұжымға тәжірибелік жұмыс ретінде «Педагогикалық Stand up» ұсынып, педагогтің даму жолында кездесетін кедергілер мен оның шешу жолдарын табуда пікір алмасуға жағдау тудырды. Педкеңес өз мақсатына жетті.






