2025 жылғы 9 қыркүйек күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің бизнес мектебі студенттері Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бизнес-тренингке қатысып қайтты. Тренинг тақырыбы: «Кәсіптік жолы және табысқа жету құралдары». Тренингті Mustafa brand ерлер костюмі негізін қалаушы Қажаев Асқар өткізіп, бизнес бастау қадамдары, жеке бренд қалыптастыру, оның ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізді.

