2025 жылғы 1 қазан күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен күзгі әскерилендірілген кростан облыстық жарыста Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері Манарбек Алдияр (ДМЖ-24-1) жүлделі 2-орын иеленсе, Дарханқызы Ханшайым (ШТ-25-1) жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Жетекшілері — АӘД пәнінің оқытушысы Бұғыбай Айдос Азаматұлы. Құттықтаймыз!