13 қазан күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында «Қанаттылар» инклюзивті театрының «Екі тағдыр – бір өмір» атты автобиографиялық драмасына барып, өте үлкен әсермен қайтты. Жастардың мәдени және рухани дамуына үлес қосатын бұл қойылымды Қарағанды облысы жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.