Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог» байқауының қорытындысы шығарылды. Қорытынды бойынша колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Кабылова Меруерт Блялкызы жеңімпаз атанып, «Үздік педагог» атағын иеленді. Қарағанды облысы мен колледж атын абыроймен қорғап келген Меруерт Блялкызына мықты денсаулық, еңбегіне жеміс тілейміз!