2025 жылдың 16 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың ОӘО-ның қолдауымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері үшін «Хакатон – бағдарламалау марафоны» ұйымдастырылды. Жарысқа Қарағанды облысындағы колледждерден 11 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері төмендегідей анықталды: 1 орын – Васин Андрей, Шагатаев Сұлтанбек, Савицкий Давид Қарағанды банк колледжінің студенттері, жетекшісі — Қуатова Е.Н.; 2-орын Дедяев Максим, Щербаков Руслан, Гермашев Евгений, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» ҰӘАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері, жетекшісі: Ванфутян Л.С.; 3-орын Мұратов Тәңірберген, Әбдірәсілов Бислам, Құдайберген Мұхтархан Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері, жетекшісі Қуанышев Т. Қ.; «Үздік спикер» номинациясы- Берікбек Абай, Щербинин Данил, Шугаев Темерлан А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, жетекшісі — Гүлмира Б. Ш.; «Үздік usability» номинациясы Қосумшоев Анис, Прокоп Исмаэл, Шмидт Вилен Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенттері, жетекшісі Әбдібеков А.Е.. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған колледждің АТ ісі жөніндегі орынбасары Тусупбаев Абылайхан Тулегеновичке, оқытушыларымыз Сырбаева Н.Б., Елибаева-Мухтар А.М., Манашева М.С., Хуанбек Х. алғыс білдіреміз.







