2025 жылғы 6 қараша күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде дәстүрлі «Студенттік хоббиден табысты бизнеске дейін» атты дайын өнімдер жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту және қолөнер бұйымдарын нарықтық жағдайда ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
Жәрмеңкеге колледждің түрлі мамандықтарында оқитын студенттер қатысып, өз қолымен жасаған бірегей бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Шара барысында студенттердің ерекше идеялары мен шығармашылық еңбектері жоғары бағаланды.
Жәрмеңке колледж ұжымының және студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, достық атмосферада өтті. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз өнімдерін сату арқылы алғашқы кәсіпкерлік табыстарын да тапты. Нәтижесі төмендегідей:
1-орын ИН-23-2 тобының студенті Тумасова Валерия, жетекшісі: Кошкарбаева М.Б
2-орын Web-24-2 тобының студенті Шахманова Анел, Гартман Полина, жетекшісі: Манашева М.С.
3-орын Web-25-1 тобының студенті Ерсаинова Аяжан, жетекшісі: Сырбаева Н.Б
Номинациялар:
«Сатылым көшбасшысы» — РПО-24-2 тобының студенті Ким Мария;
«Үздік сауда орны» — Web-24-2 тобының студенті Галятина Ольга;
«Ең кең ассортимент» — Web-24-2 тобының студенті Пономарёва Ясмин;
«Үздік баға саясаты» — Р-25-2 тобының студенттері Гойнец Александра, Тамбулатова Екатерина;
«Ең жас кәсіпкер» — ИН-25-2 тобының студенті Шефер Маргарита;
«Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші» — ШТ-23-3 тобының студенті Жақабаева Аяжан.
Облыстық кезеңге жолдама алған 1,2,3-орындарды иеленген студенттерімізге сәттілік тілейміз.