Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының «Salauatty ómir saltyn tańda» жобасы аясында нашақорлықтың, темекі шегудің және алкоголизмнің алдын алу мақсатында 2025 жылғы 11 қараша күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының психологы Алпысбаева Назым Сейтхановнамен кездесу өтті. Кездесуде Назым Сейтханқызы жастардың тыйым салынған зиянды заттарға тәуелдігі жайлы, адам психологиясының өзгермелілігі жайлы әңгімелесу өтті. Студенттермен сұрақ-жауап алмасылды. Дәріске ИНФБ-25-1, ИНФ-25-1, ДМ-25-3, ДМ-25-1, ВЕБ-25-1 топтары қатысты.



