2025 жылдың 12 қарашасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде қаржылық сауаттылық апталығы аясында теміржол жобалау саласында жеке кәсібі бар кәсіпкер Ибраева Раушан Абилдашқызымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерліктің мәнін ашу, экономикалық сауаттылықты дамытуға ықпал ету. Кездесуге «Есеп және аудит» мамандығының 2 және 3 курс студенттері қатысты.
Кәсіпкер бизнес негіздері туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында Раушан Абилдашқызы мен студенттер еркін пікір алмасу форматында әңгімелесті.
Іс-шараға 68 студент қамтылды. Кездесуді ұйымдастырып, өткізген оқытушылар – Бекбулатова Т.Д., Арипбек Ж.А..