«Жұмыс берушілер күні: бірлескен еңбектің нәтижесі – білікті маман» атты дөңгелек үстел отырысы сәтті өтті. Шара 2025 жылғы 13 қарашада ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – колледж бен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру болды.

🤝

Кездесуге келесі әлеуметтік серіктестер қатысты:
Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы,
«Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ,
«Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК,
«Жас Сұңқар» спорт мектебі,
ТОО «AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ»,
№66 мектеп-лицейі, №15, №19 жалпы білім беретін мектептер КММ,
Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы,
Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі,
Абай атындағы гимназия,
«Шаңырақ», «Қарлығаш», «Тілек», «Бақыт», «Бәйтерек» бөбекжайлары.

💬

Дөңгелек үстел барысында тараптар студенттердің өндірістік тәжірибесін жетілдіру, түлектерді еңбек нарығына бейімдеу және дуальды оқыту жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

🔹

Әлеуметтік серіктестер тарапынан да, колледж тарапынан да бірқатар ұсыныстар айтылып, болашақтағы өзара іс-қимыл бағыттары бойынша екі жақты келісімдер жүргізілді.

✨

Кездесу нәтижесінде әріптестік байланыс нығайып, ортақ мақсат – бәсекеге қабілетті, кәсіби маман даярлау жолындағы жаңа мүмкіндіктер айқындалды.
Шараны ұйымдастырған директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Касымова Назархан Кайрбековна ұйымдастырды.