2025 жылғы 12 қараша күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «1-курс студенттерін бейімдеу» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және халықаралық студенттер күні мерекесіне орай «Заман» ресторанында колледж студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау» шарасы өтті. Шара мақсаты – студенттердің бейімделуіне, студенттер арасында достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға қолайлы орта тудыру. Шарада студенттерге арналған түрлі ойындар мен құттықтаулар болды. Кеш би алаңында жалғасын тапты.





