26.11.2025 күні өткен «Edcollab: бірлесіп жұмыс істеу өнері» Республикалық педагогикалық идеялар байқауының «Бейнесабақ» бағытында білім беру мазмұнын ұсынғаны үшін колледж оқытушысы Бейсенова Айгерим Нурболовна мен БМ-22-1 тобының студенті Касимова Наргиза жүлделі 2-орын иеленсе, «Білім беру бейнеподкаст» бағыты бойынша колледж оқытушысы Еркинова Зульфия Амангельдыевна мен МБ-23-1/11 тобының студенті Укибаева Гуллазат жүлделі 2-орынмен марапатталды. Сондай-ақ, «Тұжырымдамалық виртуалды көрме» номинациясын колледж оқытушысы Жексенова Бибинур Омарбаевна мен БМ-24-1 тобының студенттері Балгожина Назым, Ақмағанбетова Айдана, Кенеспаева Зарина иеленді. Құттықтаймыз!