Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Кульпейсов Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Касымова Назархан Кайрбековнаға Алғыс хат табыстады. Онда: «Дуалды оқыту нысанын дамытуға, білім беру жүйесі мен өңірдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ, білікті кадрларды даярлау, адами капиталды дамыту және Қарағанды облысында кәсіптік білім беру сапасын арттыру жолындағы еңбегі үшін» алғыс білдіретіндігі жазылған. Колледжде дуалды оқыту нәтижелі жүзеге асуда. Бұл — теорияны өндіріспен ұштастырудағы бірден бір тиімді жол.

