2026 жылғы 12 ақпанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Тәжірибеден – шеберлікке: тәжірибе, инновация, даму» атты әдістемелік айлық басталды. Осы күні «Цифрлық құралдар іс жүзінде» тақырыбында әдістемелік баттл өтті.
Әдістемелік баттл кәсіби диалог алаңына, тәжірибе алмасу мен педагогикалық шеберлікті таныту мүмкіндігіне айналды. Қатысушылар онлайн-платформаларды, интерактивті сервистерді және өз тиімділігін дәлелдеген цифрлық шешімдерді қолдану бойынша өз тәжірибелерін ұсынды.
Баттл барысында педагогтер:
– цифрлық әдістемелік жаңалықтарын батыл түрде көрсетті;
– сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай құралдарды таңдаудың тиімділігін нақты дәлелдеді;
– студенттермен күнделікті жұмыс барысында туындаған практикалық лайфхактармен бөлісті.
Әсіресе дене шынықтыру және АӘД кафедрасының педагогтері ерекше көзге түсіп, баттл қорытындысы бойынша лайықты түрде жеңімпаз атанды. Олар цифрлық технологиялардың білім берудің түрлі бағыттарында тиімді әрі үйлесімді қолданылатынын дәлелдеді.
Әдістемелік баттл ұйымдастырушылары: директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Капанова И.Х., гуманитарлық-техникалық пәндер кафедрасының педагогтері — Елибаева-Мухтар А.М., Сырбаева Н.Б., Манашева М.С., Қожагулова А.С., Жумагулова Г.А.. Олардың бастамашылдығы, кәсіби шеберлігі мен белсенділігінің арқасында баттл әдістемелік айлықтың жарқын оқиғасына және колледждің бүкіл педагогикалық ұжымы үшін даму нүктесіне айналды.







