2026 жылғы 31 наурызда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің директоры Мамраева Г.Б. «Bolashaq» Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Колледж — ВУЗ» серіктестік сессиясына қатысып қайтты. Сессияда мемлекетке қажетті маман даярлауда жоғары оқу орны мен колледждер арасындағы әлеуметтік серіктестіктің даму жоспарлары қарастырылды. Шара соңында Академия ректоры К.Б.Аданов Ғайни Баймағамбетқызына: «Сізге білікті кадрларды даярлау саласындағы жемісті ынтымақтастығыңыз, білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті дамытуға қосқан үлесіңіз және практикалық-бағдарлы білім беруді жетілдіруге бағытталған қолдауыңыз үшін» ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

