2026 жылғы 31 наурызда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі облыстық оқуларында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері жүлделі оралды. Олар: «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің ҚӘ-22-1 тобының студенті Төкенова Сабина (жетекшісі Жолкенова Г.Ж.) «Поэзия! Ақынның алтын тағы!» бағыты бойынша жүлделі 1-орын иеленсе, осы біліктіліктің ҚӘ-23-1 тобының студенті Мәжит Бекжан (жетекшісі Макетова А.Р.) «Қайдасың, қасиетті қара өлеңім…» бағыты бойынша жүлделі 3-орын иеленді. Құттықтаймыз!