2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ИН-25-2, РБ-25-2/11 топтары К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрына барып, режиссер Елдос Лекеновтің сахналауымен қойылған «Болмаған әңгіме» трагикомедиясын тамашалап қайтты. Родион Белецкийдің пьесасы бойынша қойылған трагикомедиядан студенттеріміз үлкен әсермен оралды.