
Колледжішілік және облыстық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері ретінде Валерия білім, технология және дизайнды біріктіретін жобаларды белсенді түрде дамытып жүр.

«Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге арналған онлайн платформа» жобасының техникалық әзірлеушісі ретінде Валерия команданың инновациялық шешім жасауына үлес қосып, нәтижесінде IV Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде 2-орын иеленуге ықпал етті.

Сонымен қатар Валерия оқу-өндірістік оқытуға арналған Socio Perception Logbook жобасының тең авторы болып табылады. Бұл жоба «Ғылыми зерттеулер және шығармашылық тәжірибе» атты республикалық воркшопта I дәрежелі дипломмен марапатталды.

2026 жылы Валерия «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша WS2026 аймақтық чемпионатында колледж намысын қорғап, өзінің кәсіби дағдыларын ғана емес, digital саласындағы заманауи көзқарасын да көрсетуде.


Жетекшісі — Қошқарбаева Мейзгүл Бердірахимқызы.

Талант, креативтілік, даму¬ға ұмтылыс және өз ісіне деген сүйіспеншілік — міне, Қазақстан Республикасы ТОП-100 үздік студенттерінің жаңа буынының келбеті!

