2026 жылғы 22 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Ғылым әлемін аша отыра — VII» атты оқу — зерттеу жобаларының байқауында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының ҚӘ-22-1 тобының студенті Тикенова Анел жүлделі 2-орын иеленді. Байқауда Анел» Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолдану жолдары» тақырыбында ғылыми жобасын ұсынды. Жеңімпазымыз Анел мен оның жетекшісі Кабылова Меруерт Блялкызын құттықтаймыз!


