2026 жылғы 22 сәуірде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары И.Х.Капанованың жетекшілігімен және әдіскер АА.Ахатованың ұйымдастырушылық қолдауымен «Үздік маман» атты студенттік жобалар байқауы өтті. Іс-шара сегіз секция бойынша ұйымдастырылып, әрқайсысы қатысушылардың кәсіби білімін, зерттеушілік қабілеттерін және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Студенттер өз жобаларын жоғары деңгейде ұсынып, таңдаған тақырыптарын терең ашып көрсетті және жақсы дайындықтарын дәлелдеді. Қорғау барысында қатысушылар сарапшылар комиссиясының сұрақтарына сенімді жауап беріп, өз ойларын нақты дәлелдермен негіздеп, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті. Өткізілген іс-шара білім алушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып, кәсіби құзыреттіліктерін нығайтуға, аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіруге және жастардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.Қазылар алқасы мүшелеріне жұмыстарды бағалаудағы құзыреттілігі, әділдігі және кәсіби көзқарасы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.Жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға алдағы уақытта табыс, шабыт, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктерді бағындыруда сәттілік тілейміз!




