Құрметті жерлестер! Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отанқорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн – Алаш жұртының айбынды күні. Бұл күні — өскелең ұрпақтың бойына отан қорғау ұғымын сіңіру үшін қызмет ететін күн. Ендеше мәні мен мағынасы терең 7 мамыр мерекесі құтты болсын! Ел өздерінің тыныштығын күзеткен, татулықты ту еткен, Отанымызды дүр еткен, туған жерді гүл еткен айбынды Алаш ұлдарымен мақтанады. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын!

