Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл күн — адамзаттың аңсап күткен күні, жеңістің туын тіккен күні. Азаттық күрестің айбынды күні. Жеңіс таңының атқанына биыл 81 жыл толып отыр. Қаралы күндерде қазалы жұрттың жігерін жасытпай, сағын сындырмай, арының тапталмауын, ұжданының ұйықтамауын тілеген Ерлеріміздің ерлігі – жас ұрпақ жадында жыл сайын жаңғырып, құрмет арта бермек. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отанымыз аман, бейбіт өміріміз баянды болсын!

