2026 жылғы 21 мамырдан бастап Щучинск қаласында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында футболдан өткен республикалық «Ұлттық спорт лигасы» спартакиадасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленді. Қарағанды облысының намысын абыроймен қорғап келген студенттерімізді мақтанышпен атап өтейік: Қажкен Темірлан (ДМ-23-1), Мишанов Артём (ФК-23-4), Тихонов Даниил (ФК-23-4), Жанатов Нурлан (ДМ-23-1), Қуаныш Дінмұхаммед (Қ-23-1), Мұса Әмір (ФК-23-2), Нефёдов Никита (ФК-24-4), Бериков Эльдар (ФК-22-2), Жарылқасын Ернияз (ДМ-22-1), Рахимбеков Мухамед (ФК-24-2), Романюк Сергей (ФКТ-24-2/11/), Хоршанбай Түйғын (ДМ-24-3), Самратұлы Рамазан (ДМБ-24-1/11/). Студенттеріміздің бабын келтірген жетекшісі – колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.Е. Манат. Жеңіс құтты болсын!