2026 жылғы 11 маусымда «WorldSkills Karaganda-2026» өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері бірнеше құзыреттіліктер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.Олар:
1. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша Оралбай Расул (сарапшысы: Елибаева-Мұхтар Айгерім Мырзабековна) – жүлделі І орын;
2. «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша Кабдылкаримова Раянна (сарапшысы: Мажитова Айдана Нұрбековна) – жүлделі І орын;
3. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша Нұрмұханбет Гүлсезім (сарапшысы: Тусупбаева Алия Канатовна) – жүлделі І орын;
4. «Жиһаз өндірісі» құзыреттілігі бойынша Кәріғұл Нұрасыл (сарапшысы: Буркитсетер Нуртилек) – жүлделі ІІ орын;
5. «Ақпараттық қауіпсіздік» құзыреттілігі бойынша Ким Антон, Габдулла Әділжан (сарапшысы: Балапан Хуанбек) – жүлделі ІІ орын;
6. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша Укибаева Гүллазат (сарапшысы: Ильяшова Бақытгүл Файзуллиновна) – жүлделі ІІ орын;
7. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Тумасова Валерия (сарапшысы: Кошкарбаева Мейзгуль Бердирахимовна) – кәсібилігі үшін медальон.
8. «Web-технологиялар» құзыреттілігі бойынша Галятина Ольга (сарапшысы: Кожагулова Аяулым Саятовна) – кәсібилігі үшін медальон.
Жалпы командалық нәтиже бойынша Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі — 5 орында. Жоғары көрсеткіші үшін колледж директоры Мамраева Гайни Баймагамбетовнаға алғыс хат табысталды. Салтанатты жабылу шарасында Көкшетау қаласында өткен «DOSTI Skills Kokshetau 2026» халықаралық чемпионатында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орын иеленген колледжіміздің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша) мамандығының БҚҚ-23-1 тобының студенттері Жанбырбаев Алибек пен Мұхамбет Ғаниды да марапаттап, облысымыз ғана емес, республикамыздың да абыройын әлемдік аренада асқақтатып келгендігін ерекше атап өтті.
Бұл жетістіктер – студенттеріміздің табандылығы мен қажырлы еңбегінің, оларды кәсіби шеберлікке баулып, бағыт-бағдар берген сарапшыларының жоғары біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар колледжімізде «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, әділ әрі сапалы өткізуге зор үлес қосқан бас сарапшы Манашева Майя Советхановна мен бас сарапшының орынбасары Сырбаева Назгуль Борашевнаға колледж әкімшілігі ерекше алғысын білдіреді.Әрбір жеңіс – үлкен еңбектің жемісі. Колледжіміздің дарынды студенттері мен білікті педагогтері алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өңіріміздің және еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!