Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна жүлделі 1-орын иеленді. Байқау Тараз қаласында 2026 жылғы 10 маусымда өтті. Анастасия Владимировна колледж абыройын асқақтатып, облыстың намысын абыроймен қорғады. Жеңімпаз оқытушымызды абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!