Бүгін таңнан колледжімізге сүйінші хабар жетті. «ҚР колледждерінің ТОП100 студенті» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығып, колледжіміздің екі студенті жеңімпаз атанған 10 үздік студенттің ішінен табылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Сонымен білімі, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттері мен жұмысшы біліктілікті насихаттау, талантты жастарды қолдау мақсатында өтетін жобаның облыстық кезеңінің жеңімпаздары болып БМ-24-1 тобының студенті Акмаганбетова Айдана (жетекшісі Бейсенова А.Н.) және ДМЖ-24-1 тобының студенті Балтағазы Ілияс (жетекшісі Сабитова А.К.) танылды. Республикалық кезеңге жолдама алған екі жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілеріне сәттілік тілейміз!


