Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі 2000 жылдан бастап мамандарды даярлау бойынша өз қызметін бастады. Колледж кәсіптік техникалық және орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады. 2018 жылы колледж жоғары  колледж  мәртебесін  алды.

Колледждің миссиясы: Білім беру, құқықтану, экономика, ақпараттық жүйелер саласында экономика сұраныстары мен қоғамның сұраныстарына сәйкес еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қажетті кәсіби және әлеуметтік құзыреті бар, қалыптасқан азаматтық, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі іске асыруға дайын мамандарды даярлау.

Колледждің пайымы: Жеке меншік мекеме Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі — студенттердің, педагогтердің, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделері үшін жұмыс істейтін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық орта және қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар білім беру мекемесі.

Стратегиялық мақсат: Кәсіптік және әлеуметтік құзыреттерге ие ТжКБ бағдарламалары бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ететін инновациялық-дамытушы, тәжірибеге бағдарланған және денсаулық сақтайтын орта құру

Контингент. Соңғы жылдары студенттер санының көрсеткiшi орта есеппен 2000 адамды құрайды.

Колледжде мобильдік робототехника бойынша құзыреттілік орталығы және мобильдік қосымшалар бойынша құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Колледж студенттері WorldSkills қозғалысының қатысушылары болып табылады.

Колледжде жақсы материалдық-техникалық және оқу базасы бар. Қажетті кадрлық, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілген. Колледжде заманауи білім беру технологияларын енгізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

150-ден астам мекемелер мен кәсіпорындар, мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар әлеуметтік серіктестер болып табылады.

Колледж  2006, 2011, 2016, 2022  жылдары мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті. 2017, 2018 жж. колледж  институционалдық  аккредиттеуден және сегіз мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Біздің оқу орнында сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) енгізілген. Колледждің бланкісінде IAF белгісі орналастырылған 28.12.2023 жылғы

№ KZ.O.01.0943.C21.007294  Халықаралық сәйкестік сертификаты бар.

Оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастыру 75-85% -ды құрайды.