87212339039
bolashaq@kkaobolashak.kz

Біздің жаңалықтар


Колледжіміздің жаңалықтарымен таныс болыңыздар!!!

Колледж студенттері — “Worldskills -2025” чемпионатында жеңімпаздар қатарында

2025 жылғы 11 маусым күні облыстық “Worldskills -2025” чемпионатының жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі студенттері чемпионаттың бірнеше құзыреттіліктері бойынша жеіңмпаз атанды. Олар:1. Бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша Нурмагамбетова Аружан (СарапшысыБакижанова Ж.М.) жүлделі 1-орын;2. Мобильді робототехника құзыреттілігі бойынша Совет Мансур, Ғалымжан Әділжан (Сарапшысы Балапан Х.) – жүлделі…

Салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде ҚР…

Сәттілік серік болсын!

2025 жылдың 2-8 маусым аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан Республикалық…

Мерейлі жас құтты болсын!

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті…

Облыстық байқаудан жүлдегер

2025 жылдың 29 мамыры күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен…

Біздің артықшылықтарымыз


Мемлекеттік лицензия

Колледждің білім беру қызметімен айналысуға № KZ73LAA00013922 нөмірлі 2009 жылғы 30 қарашада берілген лицензиясы бар. Лицензияға қосымша 12 мамандық және 22 біліктілік бойынша берілген.

Заманауи техникалық-материалдық база

Колледжде 9 компьютерлік аудиториялар, 2 заманауи құзіреттілік орталығы, роботтықтехника конструкторларымен, заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған.

Заманауи кітапхана

Кітапхана қорында барлығы 55630 дана кітап қоры бар оның ішінде қазақшасы 30250 дана кітапты құрайды.

\


Құрметті талапкер!

Бүгінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжіне 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде колледж ширек ғасырлық даму сатысын жемісті өткерді. 25 жылда колледж көптеген қиындықты еңсеріп, республикада, облыста өз орны бар оқу орнына айналды.  Оның дәлелі – еңселі оқу ғимараты, «Батыр» спорттық кешені, қоры мол кітапхана,  талапқа сай жабдықталған оқу кабинеттері мен ғаламтор жүйесіне қосылған компьютерлік кабинеттер. Білім алушыларымыздың білім бәсекесінде, спорт сайысында үнемі алдыңғы қатарда жүруі – оқу орнының білім сапасы мен жан-жақты білікті тұлға тәрбиелеуінің дәлелі. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар санының өсуі колледждің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлап жатқандығын дәлелдейді. Осындай жетістіктердің нәтижесінде «Bolashaq» колледжі өңіріміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнына айналып отыр. Әрине, бұл жетістік иесі алдымен - педагогикалық ұжым. Ғұлама ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөзіне сай олар өздерінің ерен еңбегімен колледжді нұрландырып тұр. Біз колледжімізді қадір тұтамыз, колледжімізбен мақтанамыз. Қазіргі кезде республикамызда білімді ел, сапалы экономика және жоғары білікті жұмысшы күшін қалыптастыру межесі белгіленген стратегиялық бағытты орындауда өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Құрметті талапкер! Егер сұранысқа бай маман иесі болғыңыз келсе, білікті мамандардан білім алғыңыз келсе, бізге келіңіз. Біз Қазақстанның келешегін кемел, болашағын жарқын етер жалынды жастар тәрбиелейміз. Үнемі ізденісте жүретін білімді әрі шығармашыл орта, қызықты студенттік өмір Сізді күтеді.

Директор блогы

Бізбен бірге болыңыз!!!


Егер білікті маман болғың келсе, талантың мен өнеріңді дамытқың келсе біздің қатарымызға қосыл!!!


    Әлеуметтік серіктестер


    Тәжірибе өту орындары мен жұмысқа алушылар