2025 жылғы 20 қаңтарда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің жұмысшы мамандықтары студенттерінің арасында «Жұмысшы мамандықтары жылы: өзектілігі мен мүмкіндіктер» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті. Онда 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғандығын, бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталғандығы туралы ақпарат берілді.