Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі Түркістан қаласынан жүлдемен оралған чемпиондарын қарсы алды. Естеріңізге салсақ, 15 — 19 сәуір аралығында Түркістан қаласында өткен Республикалық «Ұлттық студенттік лигада» футбол мен волейболдан колледждің ер балалар командасы жүлделі 3-орын иеленген болатын. Жалпы командалық есепте Қарағанды облысы жүлделі 2-орын иеленді. 22 сәуір күні жеңімпаз студенттерімізді колледж директоры Гайни Баймагамбетовна құттықтап, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.
