Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында «Колледждер күні» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Шара барысында әр колледж өздерінің даярлайтын мамандықтары жайлы ақпарат беріп, оқу орындарын таныстырды, концерттік бағдарламалар көрсетті. Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің кәсіптік бағдар беру менеджері Омарова А.К., оқытушы Насырова А.К., көркемдік жетекші Сейтмукашева Г.Г., ШТ-22-3 тобының студенті Асылхан Жантөре колледж туралы жан-жақты ақпарат беріп, колледж студенттерінен құралған өнерпаздар әсем ән мен би ұсынды. Шара соңында барлық колледждерге ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар табысталды.