2026 жылғы 16 қыркүйекте колледжде «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сағаттары өткізілді. Білім алушыларға төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекет тәртібі түсіндірілді. Өрт, жер сілкінісі және басқа да қауіп-қатер кезінде сабыр сақтап, қауіпсіз жерге шығудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар жедел қызметтердің 101, 102, 103 және 112 байланыс нөмірлері туралы ақпарат берілді. Қауіпсіздік сағаты білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталды.