Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай, 2026 жылғы 16 қыркүйек күні колледжіміздің 1-курс студенттері арасында «Еңбекқор адам – кәсіби маман» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағаттар өткізілді. Іс-шара барысында студенттер еңбектің адам өміріндегі маңызы, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің кәсіби маман қалыптастырудағы рөлі туралы ой бөлісті. Кураторлық сағаттарда адал еңбек ету, мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және кәсіби дағдыларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара студенттерді еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және өз таңдаған мамандығын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.