«Өндірістегі 10 күн» акциясының 9-күні аясында колледжімізде педагогикалық мамандықтар бойынша «Білім беру бағдарламасын жаңарту зертханасы» өтті. Бұл күн – мектептерден, балабақшалар мен дамыту орталықтарынан, педагог-сарапшылар мен оқытушылардан жиналған барлық аналитикалық ақпараттарды, сауалнама қорытындыларын, GAP-карталарды бір жүйеге келтіретін негізгі сараптамалық кезең болды. Зертхана жұмысы барысында әдіскерлер, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен мектеп/балабақша сарапшылары әр кәсіби модуль бойынша педагогикалық білім беру мазмұнын 4 негізгі бағытта қайта қарап шықты. Күннің басты нәтижесі:
Жүргізілген жүйелі талдаудың қорытындысы бойынша педагогикалық мамандықтарға арналған «Білім беру бағдарламасын жаңарту матрицасы» түзіліп, білім беру саласының нақты сұранысына бейімделген жаңа оқу бағдарламаларының жобалары дайындалды.




