25 қыркүйек күні Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінің базасында «Өндірістегі 10 күн» акциясының қорытынды кезеңі — «Өндіріс → білім беру» форумы ұйымдастырылды.Форум барысында акция аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты одан әрі дамыту жолдары талқыланды.

🔹

Өндіріс орындарының қазіргі кадрларға қоятын талаптары сараланды;

🔹

мамандарға қажетті кәсіби құзыреттер айқындалды;

🔹

білім беру мен нақты өндіріс талаптары арасындағы алшақтықтар анықталды;

🔹

кәсіби дағдылар бойынша GAP-карта қалыптастырылды;

🔹

өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен құралдар қарастырылды;

🔹

студенттер мен оқытушылардың ұсыныстары назарға алынды;

🔹

білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.GAP-карта арқылы өндірісте талап етілетін дағдылар мен білім беру барысында қалыптасатын құзыреттер салыстырылып, қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттар белгіленді.Форумның маңызды нәтижелерінің бірі — колледж, жұмыс берушілер және «Атамекен» арасындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға бағытталған үшжақты іс-қимыл жоспарының бекітілуі.Бұл бастама өндірістің нақты сұранысын білім беру мазмұнымен байланыстырып, студенттердің еңбек нарығына қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.