2026 жылғы 5 қазанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім» мерекелік кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздарға құрмет көрсету, олардың білім беру жолындағы қажырлы еңбегін бағалау және мерекелік көңіл күй сыйлау.
Кеш барысында колледж директоры ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ білім беру саласында 25, 30 және 40 жыл еңбек еткен педагогтерге көпжылдық адал қызметтері үшін арнайы сыйлықтар табыстады.
Колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, білім беру мен тәрбие жұмысына үлес қосқан бірқатар оқытушы колледж директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мерекелік бағдарламада студенттер ән айтып, күй орындап, вальс билеп, музыкалық қойылым ұсынды.
Әсем әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдері ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.