2026 жылдың 25 қыркүйегінен 1 қазан аралығында Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасының 11-қадамын іске асыру мақсатында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында өткен Қытай мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) кәсіптік білім беруді инновациялық дамыту альянсының тағылымдамасына колледжіміздің ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Тусупбаев А.Т. қатысып қайтты.
Тағылымдама барысында мамандар даярлау тәжірибесімен алмасып, кәсіптік білім беруді дамытудың перспективалары талқыланды. Қытайлық ұйымдардың өкілдері заманауи білім беру тәжірибелері мен инновациялық жобаларын таныстырды.
Сонымен қатар Қытай–Қазақстан кәсіптік білім беруді инновациялық дамыту қоғамдастығының даму жоспары ұсынылып, бірлескен жобалар мен халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді. Тағылымдама қорытындысы бойынша қатысушыларға бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.




