2026 жылғы 7 қазанда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры ұсынған «Тастамашы, ана!» қойылымын тамашалады. Қойылымда ана мен бала арасындағы байланыс, ананың шексіз мейірімі мен отбасы құндылықтары әсерлі бейнеленді. Шынайы актерлік шеберлік пен терең мазмұн студенттерге ерекше әсер қалдырып, олардың жан дүниесін толқытты. Қойылым аяқталғаннан кейін студенттер аналарына хабарласып, жылы сөздерін айтып, алған әсерлері мен сезімдерін бөлісті. Бұл қойылым әр көрерменге ананың қадірін түсініп, жақындарына деген сүйіспеншілігін дер кезінде білдірудің маңызын ұғындырды. Театрға жасалған рухани сапар студенттердің мәдени танымын кеңейтіп, жүректерінде ұмытылмас әсер қалдырды.