Бүгін білімі, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттері мен жұмысшы біліктілікті насихаттау, талантты жастарды қолдау мақсатында өткен Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП100 студенті байқауының жеңімпаздарының есімдері жарияланды. Жеңімпаздар қатарына колледжіміздің екі студенті енгенін қуана хабарлаймыз. Олар:
1. БМ-24-1 тобының студенті Акмаганбетова Айдана( жетекшісі Бейсенова А.Н.);
2. ДМЖ-24-1 тобының студенті Балтағазы Ілияс ( жетекшісі Сабитова А.К.).
Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
Ескерте кетейік, жеңімпаздарды ресми марапаттау Астана қаласында 6 қарашада Оқу-ағарту министрінің қатысуымен өтетін болады.


