«Студенттік лига» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында дзюдодан жекелей және аралас командалық жарыс өтті.
Жекелей жарыста «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ДМЖ-24-1 тобының студенті Қуатбек Гүлназ 52 келі салмақ дәрежесінде I орын, ал осы мамандықтың ДМЖ-23-1 тобының студенті Елімбай Арай 57 келі салмақ дәрежесінде I орын иеленді.Аралас командалық белдесуде колледжіміздің құрама командасы II орынға ие болды. Команда құрамында:
— Бижан Олжас — ДМБ-24-1/11тобы;
— Қуатбек Гүлназ — ДМЖ-24-1тобы;
— Елімбай Арай — ДМЖ-23-1тобы;
— Бекболат Ибрахим — ДМ-24-3тобы;
— Болтай Исламбек — ДМБ-25-1/11тобы;
— Такен Диас — ДМ-24-3тобы.
Жеңімпаз студенттерімізді және жетекшілері Матай Ж.М., Ерғали А.Е. және Сүлеймен А.Е.-ні нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!





