Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында биология пәнінен облыстық олимпиада өтті. Білім додасында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының ШТ-26-1 тобының студенті Темірбек Назира жүлделі III орынға ие болды.Студентіміз Темірбек Назираны және оның жетекшісі Балабаева Қанат Шаймұратқызын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім белестерін бағындырып, жаңа табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!