2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасының 11-қадамын іске асыру аясында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында орналасқан Қытайдың кәсіптік білім беруді инновациялық дамыту альянсы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін қытайлық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары талқыланды.Бұл кездесу кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық байланысты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.