2024 жылғы 6 мамыр күні 7 мамыр – Отанқорғаушылар мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының құрметті азаматы, журналист, жазушы, этнограф Майбас Төрехан Әкімжанұлымен «Өнегелі өмір» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бәкібаева Толғанай Бәкібайқызы ұйымдастырды. Оған «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Төрехан Әкімжанұлы журналистік өмірінің қызығы мен қиындығы туралы әңгіме айтты. Сонымен қатар генерал-лейтенант Малик Сапаровтың еңбек жолын, жасаған қадамдарын келер ұрпаққа насихаттау мақсатында құрылған қор жұмысы бастамасымен жинақ шығарылып, сол басылымда өз шығармашылығымен көзге түскен ҚӘ-23-1 тобының дарынды студенті Асемжанқызы Аружанға “Генерал-лейтенант Малик Сапаровтың 65 жыл” атты мерейтойлық медалін табыстады.