Ер балалар командасы волейболдан 1-орын иеленді«Сарыарқа дарыны» АҒПО-ның ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2-5 сәуір аралығында өткен колледж студенттерінің 1-дивизион арасында волейболдан «Ұлттық студенттік лигасы» облыстық жарысында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ер балалар командасы жүлделі 1-орын иеленді. Жеңімпаздарымызды және олардың бабын келтірген жетекшілері, колледж оқытушысы Мықтыбеков Сапарбек Дауренбекұлын жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!