Колледж студентінің жетістігіҚарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының ДМ-23-1 тобының студенті Темиргалиева Назерке ақпан айының 24-25 жұлдызы аралығында өткен «Кеншілер астанасы кубогы» республикалық турнирінде 16-17 жас арасында 65 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 3-орын жеңіп алды. Назеркенің каратэмен айналысқанына 3 жылдан астам уақыт болған. Бұл – жеңімпаз студентіміздің осымен 4-жарысы. Назеркеге жеңіс тұғырынан түспеуін тілейміз!