15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне орай Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Mister& Miss Bolashaq — 2024» байқауы өтті. Байқау мақсаты — жастардың ұлттық дүниетанымдарын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын нәтижесінде гран-приді Дүйсенбай Тамерлан (ДМ-23-1) мен Түсіпжанова Наргиза (ДМ-23-3) жұбы, 1- орынды Кенжебай Еламан (ҚӘБ-23-1-11) мен Сархытхан Нұрсәуле (ҚӘБ-23-1-11) жұбы, 2-орынды Анесов Нұрасыл (ҚӘ-23-1) мен Садық Аружан (ҚӘ-23-1) жұбы және Супрунов Алексей (ИН-23-2) мен Мацевия Милана (ИН-23-2) жұбы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
