2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Қарағанды қаласы мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында «JasSkills» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша өткізілді.
Мақсаты:

  • кәсіптік бағдар беру жұмысының алдын алу нысандары үшін жағдай жасау;
    Міндеттері:
  • IT бағыттары бойынша жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру;
  • мектеп оқушыларының кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
  • мектеп оқушыларында кәсіптік қызметтің бастапқы дағдыларын қалыптастыру.
    Чемпионатқа барлығы 12 қатысушы қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде Мағжан Жұмабаев гимназиясы 1-орын, Абай атындағы гимназия 2-орын, 36 мектеп 3-орынға ие болды. Шараны колледждің ақпараттық ісі жөніндегі директордың орынбасары Тусупбаев Аблайхан Тулегенович ұйымдастырды.